Елорда тынысы

Зейнеткерлер сенбілікке шықты

Бүгін Сарыарқа мен Нұра аудандарының зейнеткерлері сенбілікке шықты. Астана қаласының ерікті ата-әжелері «Байтақ» жасыл партиясымен бірлесіп Республика даңғылы мен Мәскеу көшелерінің қиылысында орналасқан А. Пушкин ат. алаңға тазалық жұмыстарын жүргізді.

Егде жастағы қала тұрғындары қала тазалығына өз үлестерін қосып, демалыс алаңын қоқыстан тазалады. Өздеріне берілген аумақты айнадай жиыстырып, барлық қоқысты қаптарға салып, айналаға көрік сыйлады.

«Бүгін біздің «Нұра» ауданының «Күміс еріктілер» ұжымының белсенді ата-әжелері ерікті түрде сенбілікке шықты. Өзімізге берілген аумақты тазартып шықтық. Астана қаласының тұрғыны болғандықтан өз қаламызды жақсы көреміз, оның тазалығына өз үлесімізді қосайық деген мақсатпен шықтық» -деп жүрек жарды лебізін білдірді еріктілер ұжымының жетекшісі Ләззат Утегулова.

Тазалық жұмыстарына 20 зейнеткермен бірге студенттер мен эко белсенділер атсалысты.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button