Қала тіршілігіМәдениет

ЖАҢА ЕСІМДЕРДІ ЖАРҚЫРАТАДЫ

d5cc5270782a5c8002886cfed3b

Жыл сайын Астана күні қарсаңында «Ән жүрегім, Астана!» фестивалі аясында жаңа эстрада жұлдыздарының есімдері анықталады. Дәстүрлі шараға кеңінен танымал орындаушылар қолдау көрсетеді.

Биыл қорытынды концертке Нұржамал Үсенбаева, Қайрат Нұртас, «Кешью» тобы, Маржан Арапбаева, Айқын және Әлішер Кәрімов сынды өнер саңлақтары қатыспақ. «Ән жүрегім, Астана!» байқауы биыл бесінші рет ұйымдастырылады. Фестивальда жұлдызы жанған жаңа әншілер Қазақстан халқына кеңінен танылды. Мысалы, өткен жылғы жеңімпаз Еркін Мәулен шараға қонақ ретінде шақырылып отыр.

Байқауға 18-30 жас аралығындағы Қазақ­стан азаматтары қатыса алады. Жыл сайын нақ осы игі шара барысында жаңа әншілердің есімі белгілі болып, елорда туралы жаңа әндер орындалады.

Гала-концерт 5 шілде күні сағат 19.00-де «Конгресс-холл» сарайында өтеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button