Басты ақпаратЖаңалықтар

ЖАҢА ЖҰМЫС ТӘСІЛІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

ОП Нур Отан 01, 01.12.13

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні  Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық қоғамдық қабылдаудың Астанадағы жаңа ғимаратында болды.

Ғимаратты аралау барысында Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қоғамдық қабылдаулардың жаңа жұмыс тәсілі туралы хабардар етті.

«Нұр Отанның» Қоғамдық қа­был­дауына Қазақстандағы Ха­лық­қа қызмет көрсету орталық­тары жұ­мысының үлгісі бойынша ха­лықпен жұмыс жасаудың сер­вистік бағдардағы тәсілдері және Оңтүстік Корея, Сингапур, Дания сияқты елдердегі озық тәжірибелер енгізілуде.
Жаңа бағыт өңірлердегі ахуал туралы баламалы, мемлекеттік органдарға тәуелсіз ақпараттар алуға мүмкіндік береді.
Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын­дармен «он-лайн» режимінде бай­­ла­нысуға болатын «Электронды пар­тия» жобасымен танысты. Партияның ресми сайтына өтініш жолдап, заңгерлік кеңес алуға бо­лады. Өтініштің орындалу ба­­рысын nurotan.kz сайтынан да, арнайы берілетін QR-коды ар­­қы­лы да қадағалап отыруға бо­лады. Сон­дай-ақ, партияның елі­міз бойын­ша ортақ тегін (2) 597-850 бай­ланыс нөмірі бар call-орта­лығы құрылған.
Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Респуб­ликалық қоғамдық қабылдауға өтінішпен келген азаматтарды қабылдады.
«Нұр Отанның» өңірлік бө­лімше жетекшілері бейнебайланыс жүйесі бойынша партия Төрағасына XV съезде берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде баяндады.
Іс-шара аяқталғаннан кейін «Нұр Отан» партиясы Саяси Кеңесі Бюросының мүшесі, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа үлгідегі бірінші партиялық билетті тапсырды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button