Денсаулық

Жақын маңда дәрігер бар

Астанада «Үй маңы дәрігері» жобасымен тағы бір жаңа емхана ашылды. Бұл нысан – 2018 жылдан бері жұмыс істейтін «Жанұя» медициналық компаниясы» ЖШС-тің елордадағы бесінші филиалы. Ә.Бектұров, 4 мекенжайынан ашылған емхананың тұсаукесеріне қалалық денсаулық сақтау басқармасының және Amanat партиясының өкілдері қатысты.

Жалпы «Үй маңы дәрігері» жобасының мақсаты – тұрғындардың жақын қашықтықта сапалы медициналық көмек алуын қамтамасыз ету. Оның қызметі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге бағытталған. 2018-2021 жылдары елордада осы жоба аясында 354 мың адамды қамтитын 40 емхана ашылды. Соның ішінде 34-і жеке инвесторларды тарту арқылы құрылды. Бұл емханалардың жетеуі – қаланың шет аймақтарында. Биыл осындай 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Жаңа жыл қарсаңында ашылған емхананың тұсаукесер жиынында Астана қаласы бойынша Денсаулық сақтау ұлттық палатасының орындаушы директоры Қаршыға Құлмұқанов бата берді.

«Жаңа емхана аумағы – 3,5 мың шаршы метр, тұрғын үйдің астыңғы 2 қабатына орналасқан. Онда 70-ке жуық кабинет бар. Емхана барлық заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандырылған. Жеке инвесторлар күшімен ашылған емхана дәрігерлері науқастарды бір күнде 500 реттен қабылдай алады» деді «Жанұя» серіктестігінің медициналық директоры Замира Борлықбаева.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button