Қала тіршілігі

Жартыжылдықтағы жағдай қалай?

Үкімет үйінде өткен отырыста бірінші жартыжылдықтағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жарияланды. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 жылдың алғашқы жартысында ЖІӨ-нің өсімі 4,1 пайызды құрағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, инфляция деңгейі соңғы үш жылдағы ең төменгі көрсеткішке жетіп, жыл басынан бері 2,6 пайызды құрады.

Инфляциялық үдерістердің бәсеңдеуі мен инвестициялық белсенділіктің артуы бас қаланың экономикасына да жағымды ықпал етуде. Астана әкімі Әсет Исекешев елорда экономикасының негізгі үш тірегі – бұқаралық кәсіпкерлікті дамытуға, адам капиталының жаңа сапасына және жекеменшік инвестицияларға арқа сүйейтінін атап айтты. «Жоғары өмір сүру деңгейімен қатар, қала үшін экономиканың маңызы зор. Ол толыққанды механизм болуы тиіс. Қала әр адамға жоғары табыс табуына, таланттарды, кәсіпкерлерді және инвесторларды тартуға мүмкіндік туғызуы қажет» деді Әсет Өрентайұлы Жібек жолы елдері қалалары мэрлерінің форумында сөйлеген сөзінде.
Қала басшысы елорданың өңірлік жалпы өнімі 17,7 млрд доллар деңгейіне жеткенін, нақты айтқанда, 5,5 есеге өскеніне екпін түсірді. 20 жылда қалаға тартылған инвестициялардың жиынтық көлемі 47,7 млрд (8,3 трлн теңге) долларды құраған. Өткен жылы инвестициялар көлемі рекордтық 2,9 млрд долларға жетті. Соның ішінде 600 млн долларға жуығы – тікелей шетелдік инвестициялар, 90 пайызы – бюджеттен тыс (жекеменшік және қарыз қаражат) инвестициялар. «20 жылда елорда экономикасының толыққанды құрылымы қалыптасты. Оның өнімдерінің көлемі 12,6 млрд долларды құрады. Қала ЖӨӨ-нің құрылымындағы шағын және орта бизнес­тің үлесі 57,4 пайыздан асты. Бұл көрсеткіш Қазақстандағы өңірлер арасындағы ең жоғарғысы болып табылады» деп атап өтті әкім.

 

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button