ЖаңалықтарЭкономика

ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстелі мәжілісі өтті.

dc07bd1de0cc1d07cf988e6927e02c50

Жиынның тақырыбы – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жастар мен жастар ұйымдарының ғылыми және педагогикалық қызметкерлерінің рөлі».
– Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері қаншама ауқымды жұмыстар атқарылды. Еліміз көркейіп, халықтың әл-қуаты артты. Елбасының Ұлт жоспары бойынша бес институционалды жүзеге асырудағы алғашқы реформа кәсіптік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру болып саналады. Мемлекеттік қызметте кәсіпқой мамандар жұмыс істеуі қажет. Себебі мемлекеттік қызметшілер – Елбасының сарабдал саясатын жүзеге асыратын жауапты тұлғалар. Сондықтан олардың білімі мен біліктілігі жоғары болу керек, – деді жиында алғашқы сөзді алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Қаскин.
Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалу барысындағы жастарды орны туралы көбірек сөз қозғалды. Белгілі ғалымдар мен жастар ұйымдарының өкілдері баяндама жасап, өздерінің осы салаға қатысты пікірлерін талқыға салды.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button