Жаңалықтар

«Жасыл елдің» кезекті маусымы

Нұр-Сұлтан қаласында Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XVIІІ мау­сымы өткізіліп жатыр.

[smartslider3 slider=3256]

2020-2021 жылдары «Жасыл ел» отрядтарында 1 200 адамға орын бөлінді, ал биыл бұл сан 1956-ға дейін өсті, өсім 756 орынды құрады.

Қазір еңбек отрядтарының 14-17 жас аралығындағы кәмелетке толмаған қатысушылары қаланың білім беру мекемелерінің аумағында, ал 18 жастан асқан жастар саябақтарда, скверлерде жұмыс істейді, көгалдандыру мен тазалауға қатысады.

Осы жылдың тағы бір ерекшелігі – қала басшылығының тапсырмасына сәйкес «Жасыл ел» жобасы аясында 14-29 жас аралығындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 500 орын қарас­тырылғандығы. Оларға форма тегін беріледі, 64 564 теңге мөлшерінде ай сайынғы жалақы төленіп, 6 айға дейін жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі. Жасақ құрамына жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастарды қабылдау жалғасуда. Жұмыс орны, кестесі, уақыты, шарттары мен ұсыныстары туралы толығырақ @Ns_jastary Instagram аккаунтына жазып, білуге болады.

 Баян АСЫЛБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button