Елорда тынысы

«Жасыл елдің» жастары

Елордада «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының он сегізінші маусымы салтанатты түрде ашылды. Енді жасыл елдің сарбаздары алдағы үш айы бойы қаланың көркейіп, гүлденуіне еңбек етеді. «Жасыл ел» штабы жастарды жұмыспен қамту мәселелерін шешуде оң нәтиже көрсетіп келеді.

[smartslider3 slider=3111]

– Биыл Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көпбалалы және әлеуметтік осал топ отбасыларынан шыққан 2000-ға жуық жас жұмыспен қамтылады. Жоба аясында 10-нан астам серіктес ұйым ынтымақтасуға келісім берді. Олардың қатарында «Bazis Construction» ЖШС құрылыс компаниясы, «Астана-Зеленстрой» АҚ, «Астана орманы» ЖШС, басқа да құрылыс нысандары мен 80-нен астам білім беру мекемелері бар, – дейді республикалық «Студенттік құрылыс және жастар жасақтары қозғалысы» қоғамдық қорының жетекшісі Марат Мұхамеджанұлы.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Жасыл ел» штабы «Қарағайға қарап тал өсер, қатарына қарап бала өсер» акциясы Балалар жылына орай Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтіп отыр. Шара аясында «Жасыл ел» сарбаздары, колледж студенттері балабақшаға барып, бірге ағаш отыр­ғызды. Алдағы уақытта акцияны қаланың 10 балабақшасында өткізу жоспарланып отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button