Қала тіршілігі

Жедел жәрдем көліктері көбейді

Нұр-Сұлтан қалалық жедел жәрдем қызметі барлық қажетті құралдармен жабдықталған 17 жаңа реанимобильмен толықты. Енді дәрігерлер жедел жәрдем ішінде науқасты ауруханаға жеткізгенге дейін еш алаңсыз қарқынды терапия жүргізе алады. Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ҚЖМЖС қызметкерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жаңа көліктердің кілтін табыстады.

 

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халыққа сапалы және тиімді қызмет көрсету үшін жедел жәрдем көліктерін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Біз бұл міндетті орындадық. Өткен жылы жергілікті бюджеттен қаржыландыру есебінен 52 автокөлік, биыл тағы 35 техника сатып алынды. «103» автопаркі 100% жаңартылды деп айта аламыз. Баршаңызды жаңа жылмен құттықтаймын! Мықты денсаулық тілеймін, өйткені биыл біз денсаулық адамның басты байлығы екенін сезіндік. Сіздердің күш-жігерлеріңіз, тәулік бойғы жұмыстарыңыздың арқасында көптеген қазақстандықтар мерекені отбасыларымен атап өтеді» деді Бақтияр Мәкен.
Айта кетейік, бір жыл ішінде жедел жәрдем станциясының паркі 2,5 есе артқан. Осы күзде жаңа мамандандырылған көліктердің кілттерін қала әкімі Алтай Көлгінов тапсырған еді. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан жедел жәрдем қызметінің балансында 129 көлік бар. ҚЖМЖС жылына 600 мыңнан астам қоңырауға жауап беріп, қызмет көрсетеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button