Жаңалықтар

Жеңіс ленталары таратылады

Бүгін елордада  «Жеңіс лентасы» азаматтық акциясы басталып, үш күн бойы тұрғындарға ардагерлерге  тағзым  етуге үндейтін ленталар үлестіріледі.

«Бәйтерек», «Отан қорғаушылар» мону­менттерінің және «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының маңайында, сондай-ақ, қала әкімдігінің алдында әскери киімдегі еріктілер қала тұрғындары мен қонақтарға 30 мың лента таратады.
Жеңіс күнін мереке­леу символы ҚР Мем­лекеттік Туының түсімен үйлестіріліп жасалған. Жеңіс лентасының ұзындығы – 30 см, ені – 3 см. Лентаның шет­терінде Отан соғысы Ордені бейнеленген.
Ал классикалық георгий лентасын тағуға ресми түрде тыйым салынбаған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button