ЖаңалықтарМәдениет

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛАДЫ

Жібек жолы халықаралық фестивалі

«Астана Опера» алғашқы рет 17 қыркүйек пен 5 қазан аралығында «Жібек жолы» халықаралық фестивалін өткізетін болды. Енді театр сахнасында Италия, Франция, Қытай, Ресеймен қатар өзіміздің опера және балет жұлдыздары өнер көрсетпек.

Фестиваль барысында «Ла Скала» театрының түпнұсқадағы қойылымы, яғни, қиялы сарқылмайтын режиссер Лука Ронконидің «Тоска» операсы, сондай-ақ, С.Прокофьевтің «Ромео мен Джульеттасы», А.Хачатурянның «Спартак» сахналық қойылымы және әлемдік мәдениеттің феномені – «Аққу көлі» мен Б.Эйфманның «Қызыл Жизель» балеті қойылады.
Сонымен қатар, 25 қыркүйек күні өнер сарайында Қытай ұлттық театры көрермендерді Қытайдың бірегей ұлттық мә­дениетімен сусындатып, опера және балет өнерімен қатар халық әндері мен би қойылымдарынан тұратын концерт ұсынбақшы. Ал, 27 қыркүйекте Италиядан келетін «Aterballeto», Абай атындағы МАОБТ, ресейдің Мария театрының қатысуымен қазіргі заманғы балет өнерінің жағдайын қозғайтын кең көлемді кон­ференция өтеді. Бұдан бөлек, 30 қыркүйекте КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 85 жылдық мерейтойына арналған «Сүю, үміт­тену және сену» атты жеке бенифисі өтеді деп жос­парлануда. «Жібек Жолы» фестивалінің бағ­дарламасын 5 қазан күні «Астана Балет» ұжымы аяқтамақшы.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button