Жаңалықтар

Жобаларды өзің таңда!

Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданында «Халық қатысатын бюджет-2022» жобасының төртінші кезеңі басталды. Алдағы 30 күн бойы аудан тұрғындары абаттандыру үшін ұсынған аулалардың ішінен өздеріне ұнаған жоспарға дауыс бере алады.

[smartslider3 slider=2528]

Жобалық ұсыныстар 10 наурызға дейін қабылданды. Құжаттарды қабылдау басталғаннан бері 71 өтінім берілді, оның ішінде 44 ұсынысты сараптамалық кеңес дауыс беру кезеңіне өткізді.

Аталған жоба  аясында биыл 23 ауланы абаттандыру көзделген. Дауыс беру екі санатқа бөлінді: пәтерлер саны 100-ден аспайтын 10 аула және пәтерлер саны 100-ден асатын 13 аула таңдалынады.

Аула жоспарына дауыс беру үшін азаматтар Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының сайтына ЭЦҚ арқылы кіріп, «Пайдалы сілтемелер» бөлімінде «Халық қатысатын бюджет» қосымша бетіне басып, жүректері қалаған жобаға дауыс беруіне болады. Дауыс тек бір жобаға ғана берілетінін ескерген жөн. Жеңімпаз жобалар тамыз айының соңына дейін жүзеге асады. Ал ауданның өзге аулалары қаржыландыру бөлінген жағдайда абаттандырылатын болады.

2020 жылдан бастап республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда және астанада «Халық қатысатын бюджет» жобасы қанатын қаққан. Оны енгізудің мақсаты – жергілікті атқарушы органдардың оны қалыптастыру аясында жергілікті бюджет қаражатын бөлу кезінде халықтың ауқымды шоғыры қатысуын қамтамасыз ету, – дейді ҚР Қаржы министрлігі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында аталмыш жоба табысты енгізілгенін айтқан. Жобаны жақсы тәжірибе деп бағалап, ендігіде абаттандыру және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының бюджетіндегі «халық қатысатын» үлесті 10 есеге арттыру қажет деген тапсырма бергенін бұқара жақсы біледі.

Жоба басталған жылы Сарыарқа ауданында 68 өтінім беріліп, оның 40  жобасы сараптамалық кеңес үстеліне түскен. Ашық дауыс беру нәтижесінде 13 жоба жүзеге асқан. Өткен жылы 10 жобаға жан біткен.

Баян АСЫЛБЕКОВА

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button