Жаңалықтар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ БАСТАЛДЫ

Елордада 11 сәуірден Жәнібек тархан көшесінің Ш.Уәлиханов көшесінен Асан қайғы көшесіне дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстарына  байланысты автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарла­уынша, жол жөндеу аясында су құбырын, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық кәріз жүйесін орнату жұ­мыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, осы бөлікте жылу құбырын қайта салу және іргелес аумақты абаттандыру жоспарланған. Тиісті жөндеу жұмыстарын биыл  1 шілдеге дейін аяқтау көзделген.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button