Елорда тынысы

Жүректен жүрекке жетеді

Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» арнайы жобасының кезекті қайырымдылық акциясы өтті.

Бұл жолы Солтүстік Қазақстан облысының су тасқынынан зардап шеккен азаматтарына жалпы сомасы 25 млн теңгеге 7 гуманитарлық көмек толы жүк машинасы немесе 35 тоннаға жуық азық-түлік, төсек-орын және бірінші қажеттіліктегі заттар жөнелтілді.

ҚХА-ның «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы барлық қазақстандықтардың қолдауына ие болды. Республика бойынша осы ұйымның 11 мыңнан астам еріктілері жұмылдырылды. Жалпы, зардап шеккен аймақтарға 385 тонна азық-түлік және қажетті тауарлар жеткізілді. Ассамблея мүшелері көрсеткен гуманитарлық көмектің жалпы сомасы шамамен 400 млн теңгені құрайды.

Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде ҚХА Достық үйлерінің негізінде гуманитарлық көмек жинау пункттері жұмыс істейді, онда бей-жай қарамайтын әрбір азамат көмекке өз үлесін қоса алады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚХА рес­публикалық штабының басшысы, акцияны ұйымдастырушы Ақбаржон Исмаилов «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы аясында барлық этно-мәдени орталықтар шет қалған жоқ. Өзім өңірлерді аралап жүрмін, алдыңғы күні Атырау облысында болдым. Барлық жерлерге көмек жетіп жатыр. Бүгін тағы да тәжіктердің этно-мәдени орталығы Астана  қаласынан жеті жүк көлігін Солтүстік Қазақстанға жөнелтті. Бұл қайырымдылық акциясы аясындағы жалғыз іс-шара емес. Тәжік этно-мәдени орталықтарының бас көтерер азаматтарының қолдауымен  апат аймақтарында күніне мың адамды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр» деді.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button