ЖаңалықтарҚала мен Сала

ЖУРНАЛИСТЕР ЖҮЛДЕ АЛДЫ

ERA_1630

ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты республикалық байқау өткізді. Журналистер мерекесіне орайластырылған шараның мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын насихаттап жүрген жекелеген авторлардың жұмысына оң баға беру.

Байқау материалдарын «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов, жазушы, аудармашы Кеңес Юсуп, ҚР Парламент Мәжілісі аппараты редакциялау және аударма бөлімінің меңгерушісі Дәуітәлі Омашұлы, «Қазақстан» телерадио корпорациясының басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова сынды қаламгерлер саралап, өз қорытындыларын жасады.

Қазылар алқасының төрағасы Сауыт­бек Абдрахманов «Бұл байқаудың аясы жылдан-жылға кеңеюде. Біздің тілімізді тек ана тілінде ғана емес, орыс басылымдарында, орыстілді хабарларда насихаттау жағы жақсарып келеді. Бақ сынауға өтініш білдірген үміткерлер саны да көп. Олардың арасынан үздіктерді анықтау оңай болған жоқ. Ең алдымен айтар ойына, журналистік шеберліктеріне мән беріп, көтерген мәселесінің өзектілігіне қарауға тырыстық» деп атап өтті.

Сонымен, «Үздік мақала» аталымы бойынша «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Нәзира Жәрімбетова мен «Түркістан» газетінің тілшісі Динара Мыңжасарова, «Үздік телеарна бағдарламасы» номинациясында «Хабар» агенттігінің журналисі Гүлвира Биғалиева, «Үздік радио бағдарламасы» аталымы бойынша «Қазақ радиосының» қызметкері Нұржамал Янгибаева, «Үздік сайт мақаласы» аталымында www.kasym.kz сайтының қызметкері Аян Азаматұлы жүзден жүйрік деп танылды. Қатысушылардың барлығына арнайы алғысхаттар мен қаржылай сыйлықтар тапсырылды.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button