Елорда тынысы

Инклюзия ханымы анықталды

«Астана» концерт залында Астана қаласы Мәдениет басқармасы және Байқоңыр ауданы әкімдігінің қолдауымен «Біз әртүрліміз, бірақ бәрімен теңбіз» ұранымен «Инклюзия ханымы-2022» әлеуметтік жобасы өтті. Жобаны ұйымдастырушылар – «Мейірімділік керуені-2020» ІІІ республикалық байқауының «Мейірім жолында» аталымының лауреаты Валентина Толмачева және «Қолжетімді Қазақстан» жобасының еріктісі Гүлнар Ахмолдина.

– Бұл жобаның негізгі мақсаты – 18-35 жас аралығындағы рухы мықты қыздарды ортаға бейімдеу. Барлық қатысушылар ерік-жігерін, қайратын көрсеткені үшін марапатталып, «Инклюзия ханымы-2022» анықталады, – деді іс-шараның басында Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Шұғыла Құдайбергенова.

Шара барысында сахнаға 8 қатысушы шығып, жұртшылыққа өз талантын көрсетіп, өздерінің өмір жолын айтып берді. Мына аталымдар бойынша жүлделер тапсырылды: «Әртістігі шебер ханым» – Анна Дик, «Сәнді ханым» – Аяулым Кәрімжан, «Талантты ханым» – Зарина Данебекова, «Сүйкімді ханым» – Әсел Қадырова, «Кербез ханым» – Нұрдина Қартай, «Көрермен көзайымы» – Тоты Дүйсембина, «Кемеңгер ханым» – Мәдина Азаматова. Ал Айдана Қыстаубай «Инклюзия ханымы-2022» атанды.

«Сайыста, шын мәнінде, өте талантты, көзінде оты бар, өмірге құштар жандарды көрдім. Расында, ерекше адамдардың ерік-жігері көбіне төрт құбыласы түгел жандардан да мықты болып жатады. Олар өмір жолында қиындық кездессе де, шүкіршілік етуді біледі. Әр күнге, әр іске ризашылықпен қарайды. Біздің олардан үйренеріміз көп. Өзім бұл кештен ерекше әсер алдым. Мұндай жандар туралы әлем білу керек. Сондықтан дәл осындай «Инклюзия ханымы» сынды жобалар жалғасын тауып, көпшілікке үлгі болса, мотивация сыйласа деймін» деді Астана қаласы мәслихатының депутаты Ләззат Разбекова-Төлеуханова.

Баян АСЫЛБЕКОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button