Мәдениет

Никулин циркі –елордада

«Астаналық» циркке алғаш рет аты аңызға айналған Юрий Никулин атындағы Мәскеудің түрлі-түсті бульвар­дағы циркі гастрольдік сапармен келді. Әлемдік цирк кеңістігінде өзінің үлкен орны бар атақты цирк ұжымы Балалар жылы аясында 23 қазанға дейін астаналық аренада өнер көрсетеді.

Толық құраммен елордаға келген Мәскеу циркі көрермен назарына виртуоз гимнастшылар, әуе гимнаст­шылары мен жонглерлер, акробат-эксцентриктер мен эквилибристер, көпшілік сүйетін сайқымазақтардың қызық бағдарламаларын ұсынады.

Бұл Юрий Никулиннің 100 жылдығына арналған бағдарламаға үздік әртістер қатысады. Цирктің алғашқы қойылымы 1 қазан күні өтті. Сол күнгі бағдарлама Халықаралық қарттар күніне арналып, оны қарттар үйіндегі қариялар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар тегін тамашалады.

Баян Асылбекова

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button