#Жаңа Қазақстан

Сайлау учаскеңізді біліп алыңыз

20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Астана қаласының тұрғындары қазірдің өзінде өздерінің сайлау учаскесі туралы мәліметтерді бірнеше тәсілмен онлайн режимде ала алады.

Астана қаласының әкімдігі өзінің сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде келесі тәсілдермен алуға мүмкіндік береді:

  1. Веб-қызмет: https://sailau.astana.kz/
  2. Telegram-дағы чат-бот: https://t.me/@sailau_astana_bot
  3. IKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны бойынша.

Азаматты дауыс берудің нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның тұрғылықты жері бойынша, аталған сайлау учаскесінің аумағында тіркелу фактісі негіз болып табылады.

Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz «электрондық үкімет» порталы «Азаматтық, көші-қон және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button