Құқық

Құқық бұзушылықтың алдын алған жөн

Кеше Есіл аудандық Полиция басқармасында Астана қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бастамасымен учаскелік полиция инспекторлары және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары қатысуымен «Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың өзекті мәселелері және ата-аналар қауымымен, мектеп әкімшілігімен өзара іс-қимыл жолдары» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңестің басты мақсаты – оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, оларды заңсыз әрекеттер жасаудан қорғау.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың – Білім басқармасының, Полиция департаментінің, Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың өкілдері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылды. Модератор ретінде Астана қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Әсима Бимендина сөз сөйледі.

Кеңесте кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың жай-күйі, жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы, жасөспірімдермен жұмыс жасаудағы проблемалық мәселелер, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектордың кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары мен қылмыстарының алдын алу қызметінің негізгі бағыттары және олардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы секілді өзекті мәселелер талқыланды.

Басқосуда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудағы отбасының рөлі және кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтың белгілі бір түрлері үшін ата-аналардың жауапкершілігі туралы мәселелер көтерілді.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу – өзекті мәселе. Мұғалім – оқушы – ата-ана үштігі бір байланыста болса, бала тәрбиесіндегі маңызды мәселелер шешілер еді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button