Елорда тынысы

4,6 мыңнан астам үйге газ қосылды

Қала әкімі Алтай Көлгінов Сарыарқа және Алматы аудандары толықтай газбен қамтамасыз етіліп, 4,6 мыңнан аса үй газға қосылғанын мәлімдеді. Алтай Көлгінов Instagram парақшасындағы жазбасында көгілдір отынның қала ­экологиясына оң әсер етіп, тұрғындардың өмірін едәуір жеңілдеткені туралы жазды.

[smartslider3 slider=3735]

«Үйлерді газға қосу жұмысын жеңілдету үшін осыған дейін бірқатар шара қабылдадық: қажетті құжаттар тізімі қысқарды, жағдайы төмен отбасыларға бөлінетін сома 2 есе ұлғайды, есептегіш (газды есептеу құрылғылары) тегін беріледі, сол сияқты пайызсыз несие беру бағдарламасы да бар. Мұқтаж азаматтар үйін газға қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады. Сәуір айынан бастап материалдық көмек көлемі екі есе артып, 410 мың теңгеден (130 АЕК-ке дейін) асты. Осы әлеуметтік көмек бойынша тамыз айында 188 отбасы өтініш білдірді, оның ішінде 178 отбасыға әлеуметтік көмек тағайындалды. Аталмыш көмекті алғандар арасында зейнеткерлер, ерекше қажеттігі бар жандар, көпбалалы отбасылар және т. б. бар. Жалпы сомасы 62,5 млн теңгеден асады. Әлеуметтік көмектің бұл түрін алу үшін өтінімді egov.kz («Электрондық өтініштер» – «онлайн қызметке тапсырыс беру») порталы арқылы беру қажет. «Күтіп ұстау» бағанында тұрғын үйді газдандыру бойынша әлеуметтік көмек, ал «алушы» бағанында – Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы таңдалуы қажет» деп түсіндірді қала басшысы.

Ол сондай-ақ қазіргі уақытта ­Сарыарқа және Алматы аудандары толықтай көгілдір отынмен қамтамасыз етілгенін тілге тиек етті.

«Ол үшін 680 шақырымнан астам газ тарату желісі салынып, орамішілік желілер тартылды. 14 мың абонент газға қол жеткізді, 6 мыңнан астам абонент техникалық келісімшарт алды, сол сияқты 4,6 мыңнан астам үй газға қосылды. Бұдан бөлек, әлеу­меттік нысандар газға қосылды. Байқоңыр және Есіл аудандарында газ құбырын тарту жұмысы басталды. Мәселен, бұл – Ильинка (Үркер), Өндіріс, Пригородный, Телман елді мекендері, «Family Village», «Garden Village» шағын аудандары және тағы басқалар. Шұбар шағын ауданында жобалау жұмысы жүріп жатыр. Ал Есіл және Байқоңыр аудандарында алдымен жеткізуші газ құбырын, келер жылы орамішілік желілерді саламыз. Газдандыру жұмысы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында» деді А.Көлгінов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button