Мәдениет

Триатлоншылардың әлемдік тартысы

Елордада Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және Қазақстан триатлон федерациясының қолдауымен беделді спорттық жарыстардың бірі Ironman триатлон сериясының BI Group Ironman 70.3 Astanа жарысы өтті. Оған әлемнің 56 елінен келген 112 эстафеталық команда қатысты.

[smartslider3 slider=3742]

Биыл стартқа BI Group Ironman 70.3 Astana жарысының қатысушылары ғана емес, сонымен қатар толықтай жарысу қашықтықтары бойынша BI Group Ironman Kazakhstan қатысушылары да өз бақтарын сынады. Соның ішінде 2200 әуесқой триатлоншы болды. Олардың ең жасы – Үндістан елінің өкілі Avishkar Gacgale (18 жаста), ал ең үлкен қатысушылар – ресейлік Сергей Кольга мен Германиялық Реинхард Дрогла (72 жаста). Әлемнің 75 елінен келген 112 эстафеталық команда арасында 1400 қатысушы «жартылай», 800-дей қатысушы «толық» қашықтықты бағындырды.

Қазақстандық қатысушылардың арасында «Орда» тобының солисті Дастан Оразбеков, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, кәсіпқой триатлоншы Екатерина Шатная және «Алматы Марафон» атқарушы директоры Салтанат Қазы­баева болды.

Іс-шараның ашылу салтанатына қатысқан Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев стартқа жиналғандарға сәттілік пен жарқын жеңістер тіледі.

– Құрметті спортшылар, қонақтар! Нұр-Сұлтан қаласына қош келдіңіздер! Көптен күткен ауқымды IRONMAN жарысын міне, елордамыз­да өткізгелі отырмыз. Ұзақ үзілістен, пандемиядан кейін, биыл Нұр-Сұлтан қаласында қайта ұйымдастырудың сәті түсіп отыр. Барша жарыс қатысушыларына сәттілік, жеңіс тілейміз, – деді жарыстың ашылуында қала әкімі Алтай Көлгінов.

Айдын Рахымбаевтың айтуынша, Қазақстандағы соңғы IRONMAN үш жыл бұрын өткен еді. Ол жыл бойы жер шарының түрлі орындарында өтеді. Олардың әрқайсысында маусымның басты старты – IRONMAN әлем чемпионатына қатысуға құқық беретін белгілі бір орындар (слоттар) ойнатылады.

Жарыс қорытындысында 8 сағат 13 минут нәтиже көрсеткен ресейлік Алекс Григорьев жеңімпаз атанды. Ол суда жүзу кезеңінде 20 минутта қарсыластарын басып озды. Дәл осы қашықтықта екінші болып оның отандасы – Антон Березняк 8 сағат 49 минут нәтижесімен, ал үшінші болып қазақстандық Алексей Вшивцев (8 сағат 51 минут) мәреге жетті.

Әйелдер арасында ресейлік Валентина Кукрус (9 сағат 46 минут) бірінші болып жетсе, екіншісі – Түркияның өкілі Guney Merve (10 сағат 9 минут), үшіншісі – Ресей спортшысы Ирина Владимирова (10 сағат 23 минут) келді.

Жеңімпаздар Гавайи, ­Кайлу-а­-Кона аралындағы IRONMAN әлем чемпионатына 45 слот алды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button