Басты ақпарат

Абаттандыру елорданың ажарын ашады

Соңғы жылдары бас қалада абаттандыру жұмыстары қарқынды жүрізілді. Қала әкімі Алтай Көлгіновтің тікелей тапсырмасы бойынша, бұрын сыйқы кеткен саябақтар қайта ажарын тапса, қаладағы және қала шетіндегі қараусыз қалған жерлерде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға қолайлы тынымбақтарға айналды. Биылдың өзінде қала бойынша 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік абаттандырылды.

Алтай Көлгінов қаланың бірқатар аулаларында жүргізілген жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Бұл туралы елорда әкімі өзінің инстаграм парақшасында жазды.

Қала әкімі кешкілік аралау барысында Алматы ауданының бірқатар аулаларында (Абылай хан көшесі, 55, Ғ.Мүсірепов көшесі, 10/3) жүргізілген жөндеу жұмыстарын өз көзімен көріп қайтты.
Ғ.Мүсірепов көшесі, 10/3 бұрын қылтаны жоқ батпақ жер ғана болатын. Бұл мәселені аудан тұрғындары қала әкіміне мәлім еткеннен кейін аталған аумақта абаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын. Жөндеуден кейін жаңа аула барлық жастағы тұрғындарға ыңғайлы болды. Аулада спорт түрлерімен айналысуға, футбол ойнау­ға болады. Үлкен кісілер немерелерімен уақыт өткізе алады. «Алматы ауданының аумағында алдағы уақытта тағы да бірқатар тынымбақты абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Бұл ауданда биыл абаттандырылған аулалар саны 33, алдағы уақытта қала бойынша 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Сондай-ақ №37 «Арман» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Биыл 26 білім беру нысанын (мектептер, балабақшалар, колледждер) жөндейміз. Бірқатар көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне күрделі жөндеу жүргіземіз. Оған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы айтарлықтай көмектеседі» жазды Алтай Көлгінов.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button