#Жаңа Қазақстан

Әділеттілік пен тұрақтылық үшін дауыс бердім

Астана қаласының №8 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің жаттықтырушысы Айхан Қожабеков сайлауға қатысып, дауыс беруін азаматтық борышы деп санайды.

«Президент сайлауы, бұл – еліміздің келешегін айқындайтын саяси науқан деп түсінемін. Президент сайлауына екінші рет қатыстым. Сайлау учаскесіне келушілер көп екен, соған қарағанда сайлаудың нәтижесі жақсы болады деп ойлаймын. Жасөспірім футболшылардың жаттықтырушысы ретінде, сондай-ақ жас әке ретінде жарқын болашақ үшін дауыс бердім. Елімізде әлеуметтік әділеттілік пен саяси-экономикалық тұрақтылық болғанын қалаймын. Менің кандидатым халықтың сенімін ақтайтынына сенімдімін» дейді Астана қаласындағы №80 сайлау учаскесінде дауыс берген жас бапкер.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button