Мәдениет

«Әкемтеатрдың анасы» атанған

Астана қаласы әкімдігінің Бірлескен мұражайлар дирекциясында КСРО және Қаз КСР Халық әртісі, Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығының лау­реаты Сәбира Майқанованың туғанына 110 жыл толуына орай «Жарқын бейне» дәрісі өтті.

Іс-шара барысында әртістің театр және кино өнерін өркендетуге сіңірген ерен еңбегі, өнері және азаматтық болмысы туралы әңгіме өрбіді. Сыр елінде туған актриса 18 жасында Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының (қазіргі М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры) құрамына қабылданды. 1936 және 1958 жылдары Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Театр сахнасындағы тұңғыш рөлі – Бейімбет Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынай. Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-ана» шығармасы бойынша сахналанған спектакльдегі Толғанай бейнесі үшін Мемлекеттік сыйлықты иеленді. Жалпы сахнада сан алуан бейнелерді сомдады. 1954 жылдан киноға түсті. Сол жылы «Махаббат дастаны» фильмінде Мақпал атты кейіпкерді ойнап, «Дала қызында» эпизодтық рөлде көрінді. Соның ішінде қазақтың классикасына айналған Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» кинотуындысында Қамқаны сомдады. Алпыс жылдан астам театрда еңбектеніп, «Әкем­театрдың анасы» атанды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button