Мәдениет

Әлкей әлемі

Ұлттық музейде ғалым, археолог, шығыстанушы, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына арналған «Әлкей әлемі» тақырыбында дәріс өтті.

Іс-шара барысында ­Ә.Мар­ғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері Айнара Бейбіт ғалымның археология саласындағы зерттеулері туралы айтса, Ұлттық музейдің «Қазақстан тарихы» бөлімінің жетекші ғылыми қыз­меткері, PhD Ернұр Рахимов этнография саласындағы еңбектеріне, шоқантануға қосқан үлесіне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ қатысушылар Ұлттық музей қорында сақталған Ә.Мар­ғұлан-ның жеке заттары, қол­жаз­балары мен кітаптары, тұтын­ған заттары қойылған көр­ме­мен танысты. Ә.Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі мен А.Байтұрсынұлы атындағы BINOM-SCHOOL мектеп-лицейі оқушылары ғалым туралы өлеңдер мен естеліктер оқып, сұрақтарға жауап берді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button