Мәдениет

Ұрпаққа үлгі

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде Кеңес Одағының Батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Қазақ халқының батырлары» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Іс-шараға қатысқан Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті ономастика басқармасының басшысы Елерке Төрехан  даңқты батырларымыздың мерейтойын атап өту арқылы ұлт болмысын насихаттап, тұлғалар тарихына құрмет ұғымын ұрпақ жадында жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі мен еңбек жолын, Отан қорғауға қосқан үлесін, ерлік пен жанқияр­лық үлгілерін талқылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button