Денсаулық

Ағаштар да сыр шертеді

Әр адам дүниеге келген сәтінен бастап тұмса табиғатпен байланысы бар екенін білмеуі де мүмкін. Алайда ғылым бұл жайды дәлелдеп берді. Мәселен, ағаштардың қасиеті адамның шаршағанын басады, адамға тыныштық сыйлайды. Психология­лық жағынан алғанда, жанның тыныштығы да әсем табиғатпен байланысты екенін ұмытпаңыз.

Сіз білесіз бе? Бо­йыңыздағы қасиеттер сіз ұнататын ағаштар арқылы сыр шертеді. Тіпті олармен энергия­лық байланыс болуы да ғажап емес. Осы жерде сіз өз мінезіңізді білесіз.
Емен. Бұл ағашты ұнататын адамдардың көбі – өзіне сенімді, айтқан сөзінде тұратын жандар. Бірақ көп адамға сене бермейді, қызғаншақтық қа­сиеті де бар, өз дегенін жасатпай қоймайды, кейде содан жапа шегетін жағдайы көп кездеседі. Шыдамдылығына таң­ғаласыз, олар өзінің негативті көңіл күйін жасырғыш, бір ашу­ланса қайтуы қиын.
Шырша. Бұл ағаш­ты ұнататын адамдар зерек, ойлау қасиеті де, қабылдауы да ешкімге ұқсамайды. Әрдайым көңілді жүруге тырысады, ашуланшақтау. Кек сақтаймын деп жүріп, өзіңіз жапа шегетініңіз де бар. Сіз қайта оларға жылы жүзбен қарасаңыз, өздері-ақ сізден кешірім сұрайды. Шаршаған уақытыңызда осы ағаштың саясына келіп демалсаңыз, бо­йыңыздағы негативті соған бере аласыз.
Қайың. «Қайыңның саясы – жүректің емі» демекші, бұл ағашты ұнататын адамдар өте уайымшыл, өзгеге де, өзіне де сенімсіз адамдар болып келеді. Кейде «сенем» деп айтып алып, өзі жапа шегеді. Жаныңыздағы адамдарға сеніммен қараңыз, қорғансыз адам екеніңізді білдірмеңіз, көп нәрсеге жүйкеңізді жұқартып, ашуланбаңыз. Сабыр сақтаңыз, әйтпесе жаныңыздағы адамдарға зияныңыз тиіп қалуы мүмкін. Жаныңыз жиі жараланатын сәттеріңіз де көп, тек қана жүрегіңізді тыңдаңыз. Ол сізге апарар түзу жолды айтып бере алады.
Қарағаш. Бұл ағаш өзінің төзімділігімен ерекше. Ұқсастықтары соншалық, бұл ағашты ұнататын адамдарда төзімділік басым, әрдайым көңілді жүруге тырысады. Олардың жан дүниесі таза, тек қана айтатын сөздері – адал ас пен адал ақша. Олар үшін сол өте маңыз­ды. Өз ісіне көңілдері толмаса өздерін көп қинайды, жан дүниесі тынышталғанша тыным таппайды. Көп еңбек етеді және әділетті жандарды сүйеді, мәдениеттіліктен де құралақан емес. Жан дүниесі ауыр­ған кезде адамдармен сыр бөліскенді ұнатады. Кейде «бекер айтқан екенмін» деп өкінетін сәттері де көп. Адамдармен тез қарым-қатынас­қа түседі, жанындағы адамдарға жылулық сыйлай біледі.
Қарағай. Жұпар аңқыған иісімен адамның жан дүниесін бау­рап алатын ерекше қасиетімен көзге түседі. Бұл ағашты ұнататын адамдар – жоғары талғамды талап ететін жандар. Олардың білімімен ешкім таласа алмайды. Есте сақтау қабілеті өте жақсы, зейін қойып тыңдай алады және көп адамның арасында ерекшелене алады. Өзіне аса мән береді, денсаулығына, киіну стиліне де жоғары жа­уапкершілікпен қарайды. Әрқашан тосыннан сыйлық жасауды ұнатады, содан өзінше бір рахат сезімге бөленеді. Оларға шулы орта ұнамауы да мүмкін, кей кездері өзіне көңілі толмайды, бірақ барынша көңілді жүруге тырысады.

Балжан НҰРҒАЛИҚЫЗЫ,
Астана қалалық №3 көпбейінді балалар ауруханасының психологы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button