Жаңалықтар

9 аптада 300 азаматты қабылдады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов осы қызметіне кіріскен күннен бастап 9 апта ішінде 300-ден аса адамды қабылдаған. Әр адамның арыз-шағымы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Осы аптада қала басшысы жуырда ғана ашылған «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында азаматтарды қабылдады. Бұл мекеме «бір терезе» қағидаты бойынша елордалықтарға 70-тен аса мемлекеттік қызмет түрлерін ұсынады. Тұрғындар атаулы әлеметтік көмек, білім беру, жұмысқа орналасу, кәсіп ашу, тұрғын үй бағдарламасына қатысу және т.б. мәселелер бойынша сауалдарға жауап табады. Мәселен, осы жолы әйелдер «Всеобуч» қоры аясында сертификат алудың тиімділігін атап айтты.
Тұрғындардың көпшілігін баспана алу мәселесі алаңдататыны рас. Осыған орай, Алтай Көлгінов жан-жақты түсіндіріп берді. Оның айтуынша, егер жазда баспана кезегіндегі азаматтардың саны 46 мың болса, қазір ол 47,5 мыңға көбейген. «Баспана мәселесі бір күнде шешілмейді. Үйдің кезегінде 47,5 мың адам тұр. Бірнеше тұрғын үй бағдарламалары бар. Солардың бірі «Бақытты отбасы» деп аталады. Несие мөлшерлемесі 2 пайызды құрайды. Біз кезексіз пәтерлерді үлестіре алмаймыз. Баспана алғысы келетін тұрғындарға құжат жинауға, кеңес алуға көмектесеміз. Алдағы жылы қолжетімді тұрғын үй көлемін 3 есеге дейін арттырамыз. Бірақ кезекте тұрғандардың да саны ұлғайғанын ұмытпауға тиіспіз» деді ол.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button