ЖаңалықтарҚала мен СалаҚоғам

ӘКІМ КЕЛІП ҚУАНТТЫ

Астана қаласында жаңа жылдық шырша мерекесі басталып кетті. Қала әкімдігі мен «Орда» қоғамдық ұйымы бірлесіп жаңа жылдық шырша мерекесін өткізді. Аутизмге шалдыққан балаларға қуаныш сыйлаған бұл шараға қала әкімі Әсет Исекешевтің өзі келіп қатысып бүлдіршіндерді жаңа жыл мерекесімен құттықтап зор денсаулық, жақсылық тіледі.

kbb_6434

Шара барысында әртүрлі мультфильмдер мен ертегілердің кейіпкерлері қызықты қойылымдар қойып, балалар мен олардың ата-аналарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балаларға әртүрлі сыйлықтар тапсырылып, тәттіге толы дастархан жайылды.
«Бірлестігімізде қазіргі таңда 100-ге жуық бала бар. Бүгінгі шараға сол балалардың алпыс бірі шақыртылып отыр. Аутизм сырқаты бар балаларға аз да болса қуаныш пен шаттық сыйлау мақсатында ұйымдастырған шарамызға қала әкімінің келіп қатысуы бүлдіршіндерге ғана емес, біз үшін де үлкен қуаныш мәртебе болды. Қуаныш сыйлады. Құттықтау барысында қала әкімі қамқорлыққа зәру балалардың тағдырына бей-жай қарай алмайтынын, яғни, аутизм мәселесіне айрықша назар аударылатынын айтты. Яғни, келесі жылдан бастап аутист-балаларды қолдауға және оларды қоғамға кірістіруге арналған арнайы кешенді бағдарламалар әзірленетін болды. Әрине, бұл үлкен қуаныш» дейді аутизмге шалдыққан балалар мен олардың ата-аналарының «Орда» қоғамдық бір­лес­тігінің төрайымы Салтанат Есмағамбетова.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button