Құқық

Әлия Ахметжанова, аға тергеуші: Мамандығым – мақтанышым

Жиырма бес жылдан бері Тергеу басқармасында аса маңызды істер бойынша аға тергеуші болып қызмет етемін. Бүгін кәсіби мереке қарсаңында полковник шенін алып, Астана қаласы ІІД Мүлікке қарсы бөлімнің бастығы болып тағайындалдым.

Әрине, аса маңызды қылмыстық істерді ашуда көп жылдық тәжірибеге сүйенеміз. Астана қаласында алаяқтық бойынша қылмыстық істер көп кездеседі. Мәселен, жуырда ғана пәтер тонаумен айналысып жүрген екі азаматтың қылмысын дәлелдеп, сотқа жібердім. Қазіргі уақытта сот шешімі шықты. Бұған дейін сотталған ұрылар қалада тұратын бір пәтерге ұрлыққа түседі. Жексенбі күні полиция киімін киіп алып, әлгі үйге барады. Есікті ашқан бойда үйдің иесін ұрып­-соғып, мүлкін алып кетеді. Тергеу барысында сол екі ұрының дәл осы үйді бір жыл бұрын тонап кеткенін анықтадым. Сонымен қатар олардың он жыл бұрынғы қылмыстары ашылды. Олардың бір жас жігітті ұрып-­соғып, тонап, соңында өлтіріп кеткені толығымен дәлелденді. Кәсіби мереке қарсаңында осындай қылмыстарды ашумен айналысып жүрген әріптестеріме табандылық, шыдамдылық тілеймін.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button