Құқық

Түнгі оқиға

Елордаға келгелі елпілдеп жүріп, оңбай екі рет опындым. Бірінде –  пәтерімнен ноутбугым сөмкесімен «қолды болды». Ішінде талай құжаттарым бар.

Сөйттім де, бірден «102» нөмірін тердім. Төрт полицей сау етіп келе қалды. Бір сағатқа жетер­жетпес уа қытта затымды тауып, қол қойдырып, көп алғыс арқалап кете барды. Осыдан сабақ алсам болады ғой. Жо­жоқ, көрер құқайым алда екен.

«Жастар» ықшамауданынан қайттым. Түнгі 12 жарымдар шамасы. Суыт жүргенімнің себебі, апайым Франциядан сән көрмесіне қатысып, Қазақстанның атын шығарып, диплом алып еді. Өзі де көңілі матадай жұмсақ, ақар­шақар ақкөңіл кісі. Таксиге отырғанда «Апай, қызыңызды «ұрлап кетпесін» көліктің нөмірін көріп қалыңыз» дегем. Құдай аузыма салды ма, кім білсін?» Түннің бір әлетінде Қошқарбаев көшесінің бойында қозыдай маңырап қалдым. Ішінде құнды заттарым, жеке дүниелерім, ең асыл кітаптарым салынған сөмке жоқ. Жүргізуші ағай дың дін төңірегіндегі әңгімесіне дуылдап отырып, ұмытыппын. Құдайберді мен Қошқарбаевтың бойын бойлап, бір сағаттай жүрдім. Нәркес көзім қараңғыға қарықты демеймін, бірақ жұқа көйлекпен жүрген бойымды жел тілгіледі тіпті. Астанадағы Жол патрульді полиция полкінің қызметкерлеріне қоңырау шалдым. Сыздықова Анар есімді қызметкер тұтқаны көтеріп, шұғыл кірісетіндерін жеткізді. «Z 170 XOM» нөмірлі «Хонда» жеңіл автокөлігін айнытпай тапты сөйтіп. Құпия заттарыма қолын да тигізбей, Қайрат есімді намазхан азамат үйдің жанындағы дүкенге қалдырыпты. Түнгі 02.00 шамасында түскен қоңырауды түсініп, ертесіне түскі екіге дейін сөмкемді екі ағай қолыма ұстатты. Есімдері – полиция аға лейтенанты Қалиев Қайрат және лейтенант Есельбаев Нұрболат.

Қарлыға ИБРАГИМ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button