Денсаулық

«Аңсаған сәби» қуаныш сыйлады

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында Астана тұрғындары үшін 547 квота бөлінді.

2021 жылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы іске қосылып, квота саны жылына 1 мыңнан 7 мыңға дейін көбейді.

Қазір заманауи медицина мен мемлекет қолдауының нәтижесінде сәбилі болудың мүмкіндігі кеңейді. Бедеуліктің әртүрлі формасы бар науқас­тар бағдарламаға өтініш бере алады.

Қазіргі таңда Астана қаласы бо­йынша бедеулік белгісі бар 1300-ден астам пациент бар. Елордада әлеуметтік бағдарламаға квота негізінде қатыса алатындардың да саны жыл сайын артып келеді. Мысалы, 2019 жылы 74 квота бөлінген. Ал 2021 жылы 487 жұп МӘМС аясында ЭКҰ процедурасынан өту мүмкіндігін алса, 2022 жылы 518 ерлі-зайыпты бағдарламаға қатысты.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button