Қоғам

Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі

Елордалық коммуникация алаңында өткен брифингте мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар мен бірқатар өзекті мәселе туралы баяндалды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басқарма басшысы Бибігүл Нұрова жастардың мемлекеттік қызметке орналасуындағы бірқатар мәселеге тоқталды.

Әли Көмекбаевтың айтуынша, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» заңына 2022 жылдың 30 желтоқсан күні енгізілген өзгерістерге сәйкес, жоғары оқу орындарының түлектері оқуын аяқтағаннан кейін 1 жыл ішінде облыстардағы аудан, ауыл деңгейіндегі төменгі мемлекеттік лауазымдарға конкурссыз орналаса алады.

– Ол үшін жастарға, біріншіден, жоғары оқу орнын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде аяқтау қажет. Екіншіден, GPA көрсеткіші белгілеген мәннен, яғни GPA 3,33-тен төмен болмауы міндетті, – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам уәкілетті органмен немесе оның аумақтық департаменттерімен келісу бойынша бекітілетін болады.

– Биыл 1 наурыз бен 31 желтоқсан аралығында «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеудің қанатқақты жобасын сынақтан өткізу басталды. Жобаның ерекшелігі үміткерлер арнайы кезеңдерден өтеді және конкурс жеңімпазы комиссияның шешімімен емес, сәйкесінше, барлық кезеңдердің жиынтық қорытындысы бойынша жүйемен автоматты түрде анықталады, – деді Бибігүл Нұрова.

Дарынды, талантты және белсенді жастарды мемлекеттік қызметке жұмысқа тарту мақсатында «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы іске асырылып жатыр. Жастар үшін бұл жобаның берері мол. Мәселен, ЖОО-да оқып жүрген жастар осы жобаның арқасында мемлекеттік қызмет саласына қатысты пайдалы ақпараттарды біліп, қызметтің жауап­кершілік жүгін сезінетін болады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button