Мәдениет

Ақ қайыңдар өлкесінің өнері

Наурыз мейрамы күндері астаналықтар және қала қонақтары керемет кештің куәсі болды. Астана қаласындағы «Мәңгілік» би ансамблі мен Ольга мен Михаил Лахтин хореографиялық мектеп-студиясының гала-концерті Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның сахнасында өткізілді. Сонымен бірге, концертке Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының солистері және аспапшылары қатысты.

Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясы және ақ қайыңдар өлкесі Солтүстік Қазақстан өңірінің тұрғындары атынан жолданған бұл тамаша концерттік бағдарлама елордалықтарды тамаша көктем мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтады.

Концертте «Батырлар ізімен» хореографиялық аңыз көрсетіліп, қазақтың ұлттық билері «Қамажай», «Қара жорға» сахнада салтанат құрды, Шәмшінің әндері шырқалып, Үкілі Ыбырайдың «Гәккуі» орындалып, орыстың халықтық билері көрерменге ұсынылды. Қазақтың халық әндерімен қоса елімізді мекендеген өзге ұлттардың ұлттық билері мен әндері Наурыз тойының көрігін қыздыра түсті.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button