ЖаңалықтарҚала мен Сала

«AQMOL» өз өнімін ұсынады

Астанада Ақмола облысы фермерлердің сапалы өнімдерін ұсынатын «AQMOL» дүкендер желісі ашылады. Алдағы жылы онға жеткізілетін желінің алғашқы дүкені 11 қарашада Р.Қошқарбаев көшесі 37 үйде, «Нұр Аспан» ТК мекенжайында тұтынушыларды қабылдайтын болады.

«Елордалық аймақтың фер­мер­лері Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп Астанада «AQMOL» дүкендер желісін ашу арқылы сапалы өнімдерді қолжетімді етпек. Бұл азық-түліктің негізгі түрлерін жет­кізуді ұйымдастырып, ауыл­шаруашылықты қалып­тастырудағы өндірістің жаңа әдістерін пайдалану және өнімді тасымалдаудағы ең төменгі шығындар арқылы өнімнің бағасын төмендетуге мүмкіндік береді» делінген «AQMOL» компаниясының хабарламасында.
Дүкен сөрелеріне аймақтың үздік он тауар өндірушілері «Агрофирма «Родина» ЖШС, «Ижевский» ПК, «Астана Агро Продукт» ЖШС, «CAPITAL PROJECTS LTD» ЖШС, «Гормолзавод» ЖШС, «Торговый Дом «Айна» ЖШС және т.б. сүт пен еттен жасалған әрі елімізде сонымен қатар шетелдерге танылған өнімдерін қояды.
Сонымен бірге көтерме-бөлу орталығын ашу көзделуде. Осылайша арада делдал болмай, тұтынушыларға тиімді бағамен сапалы тауар алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда облыстың 128 кәсіпорны елордаға азық-түлік жеткізумен айналысады. Оның ішінде 68-і мал шаруашылығы ет және ет өнімдерін, 54-і ұн, картоп, көкөніс, сұйық май сияқты ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button