Жаңалықтар

«Ақылды» шамдар – үнемшіл

Қала көшелерін жарқырататын жаңа шамдар электр энергиясын 30 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Астанада 30 мыңнан астам ескі шамдарды ауыстыру жоспарланып отыр. Қала әкімдігі бұны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге асырмақ.

«Ақылды» шамдар автоматты түрде жанып, сөніп тұрады. Оны реттейтін арнайы жарық датчигі болады. Сондай-ақ диспетчрлік пункт те құрылады.

Қазіргі таңда МЖӘ жобасының конкурстық құжатын әзірлеу аяқталды. Оған біліктілік талаптарына жауап бере алатын барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі. Өтініштерді қабылдау 31 шілдеге дейін жалғасады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button