Жаңалықтар

Астанадан ауылға дейін… [23 маусым]

АСТАНА
Елордада демалыс күндері Түркістан облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Оңтүстік өңірден бас қалаға 28-ден аса азықтүлік өнімдері әкелінеді.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
Еліміздің батысында бұрын-соңды болмаған марал өсіру ісі Ақтөбеде бірінші болып қолға алынды. Қазір Мәртөк аудан ының Қазан ауылындағы шаруашылық алқабында 150 марал еркін жайылып жүр. Марал өсіріп, шаруашылықты дамыту үшін 700 гектар жер бөлінген.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ


Атырауда Исатай-Махамбет алаңын қайта жөнделіп, ондағы қос баһадүрдің ескерткіші қайта жаңартылатын болады. Сонымен қатар, алты бассейн және субұрқақ орнатылады. Мраморлық домбыра түріндегі архитектуралық композиция орнатылып, алтын түстес әшекейлермен безендіріледі.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ студенті Мағжан Өмен мәтінді латын графикасына ауыстыру бойынша бағдарламалық жасақтама құрды. Бағдарламаның көмегімен санаулы ғана минуттарда А4 форматта орналасқан 500 бетке дейінгі үлкен көлемді мәтіндерді дайындауға болады.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен ҚР Президенті әкімшілігінің және Түркістан қалалық мәслихатының келісімімен Түркістан қаласы әкімі лауазымына Әліпбек Өсербаев тағайындалды.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
Ерейментау аудандық білім бөлімі биылғы оқу жылында «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғат паркімен келісімшарт бекітті. Осы құжат негізінде мектеп оқушылары жеңілдік тәртібімен демалыс алаңына ақысыз кіруге мүмкіндік алып отыр.

ШЫМКЕНТ
Өзбекстан жылы аясында Шымкентте «Бауырлас елдердің рухани ортақ құндылықтары» атты халықа ралық форум өтті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button