Елорда тынысы

Археолог-ғалымды құттықтады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов белгілі археолог-ғалым ­Зейнолла Самашевпен арнайы кездесіп, Қазақстан Президентінің атынан 75 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Елорда әкімі құттықтаудан кейін ғалыммен емен-жарқын отырып әңгімелесті.

Археолог-ғалым көктем шыға шәкірттерін ертіп археологиялық қазба жұмысына кірісетінін, сосын қара күзде үйге оралып, қыс бойы жазда тапқандарын ғылыми құндылыққа айналдыратынын айтты.

Зейнолла Самашев – Берел қорғанында, Сарайшық қаласының орнында жүргізген қазба жұмыстары арқылы-ақ отандық археология ғылымында орасан зор із қалдырған ғалым.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button