ЖаңалықтарЭкономика

Армандаған демалысты ұтып алыңыз!

«Банк Хоум Кредит» қараша айынан бастап Египетке 81 жолдама «Ұшқыр отбасы» атты акциясын ұйымдастыруда. Демалысқа арналған жолдамада «Алматы-Египет-Алматы» ұшақ билеті мен сақтандыру, Қызыл теңіздің жағалауында орналасқан қонақүйде «барлығы қамтылған» жүйе бойынша тұру, әуежайдан қонақүйге дейін және кері қарай жеткізу қамтылады. Бұл акция 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Осы акция аясында Египет еліне алғашқы жолдамаларды иеленген елордалық оқырман жүлдегерлермен тілдескен едік.Гульмира КОСКИНА, 33 жаста, елорда тұрғыны:

– Мен бұл акция жайында еш хабарым жоқ еді. Қараша айында сауда орнынан шаңсорғышты «Хоум Кредит Банк» арқылы несиеге рәсімдеп алдым. Рәсімдегеннен кейін 2 күн ішінде банк қызметкерлері хабарласып құттықтап, осы акция аясында Египетке жолдама ұтқаныммен құттықтап, банк кеңсесіне келуімді сұрады. Бұл мен үшін күтпеген жайт болды. Енді ақпан айында қүйеуім екеуміздің қолымыз бос болмауына байланысты, жолдаманың бір тиімділігінің арқасында Египетке ата-анамызды жіберуді ұйғардық.

Арналған туристік жолдамада чартерлік рейспен ұшу (Алматы-Египет-Алматы), «Барлығы қамтылған» жүйесі бойынша бес жұлдызды қонақүйде тұру, Египет әуежайынан қонақүйге дейін және кері қарай жеткізу, жеңімпаздарды сақтандыру сияқты шарттар қамтылады. Ал бұл акция 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Мен қатты қуаныштымын! Бұл мен үшін күтпеген ұтыс болды. Барлық қатысушыларға сәттілікке сенуге шақырамын және сәттілік тілеймін, – деп Гульмира Коскина өз қуанышын жасырмады.Болат САРМУРЗИН, 48 жаста, елорда тұрғыны:

– Мен осы банктың тұрақты тұтынушысымын. Желтоқсан айының басында «Хоум Кредит Банк» арқылы несиеге әйеліме сәнді тонды рәсімдеп алдық. Әрине, бір үміт болғанымен, шынымды айтсам, ұту мүмкін емес деп ойладым. Банктен құттықтап қоңырау шалған кезде мен ештеңе демедім деуге болады. Бұл – менің бірінші ұтысым. Өте қуаныштымын! Енді ақпан айында Алматы қаласынан жарыммен бірге Египет еліне аттанамыз. Әркімнің өз таңдауы бар, ал менің таңдауым – «Банк Хоум Кредит». Бұл ұтыс – менің бірінші тәжірибем. Соңғы емес екендігіне сенемін. Армансыз адам – қанатсыз құсқа тең, сондықтан армандаңыздар, мақсаттарыңызға қол жеткізіңіздер, – деді Болат Сармурзин.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button