Мәдениет

«АСТАНА САМАЛЫ» – ӘУЕНДЕР МАРАФОНЫ

Елорда күні астаналықтар  үрмелі аспаптар оркестрлерінің «Астана самалы» халықаралық фестивалін тамашалады. Қала әкімдігі ұйымдастырған шарада  Мемлекеттік академиялық филармония, ҚР Ұлттық ұланы, Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы, Тагилдың «Тагил-BEND» және Ресейдің үрмелі аспаптар оркестрлері өз өнерлерін ортаға салады.

ERM_2666

«Астана самалы» фестивалі жыл сайын өтетін дәстүрлі шараға айналған. Биылғы кеште   отандық және шетелдік өнер ұжымдары қызықты бағдарлама­ларын ұсынды. Яғни, фестиваль мақсаты – халықтың мерекелік көңіл-күйін көтеруді көздеді.

Фестивальдің арнайы қонағы – 1976 жылы ежелгі жалаумен ойнау өнерін жандандыру мақсатында құрылған Storici Sbandieratori delle Contrade di Cori фольклорлық тобы. Бұл топ қайта өрлеу дәуірінің керемет костюмдерін киіп, өткен заманның ғажайып жай-күйін көз алдымызға әкелді. Трубаның таза дыбысы, дауылпаздардың ырғақты дабылы, орындаушылықтың ойнақылығы көрермендерді таң қалдырып,  шаттыққа бөледі.

ERM_2612

Қалалық алаңда басталған мерекелік шара  «Бәйтерек» монументі алдында бэнд-марафонға ұласты. Шерудің соңғы күнінде өнерпаздар Әскери-тарихи музейден бастап, Республика даңғылының бойымен «Жастар» сарайына дейін жүріп өтті.

– «Астана самалы» – бұл музыкалық шоу. Әлемнің көптеген елдеріндегі үрмелі аспаптар шебер­лерінің басын бір сахна аясына жия­тын жыл сайынғы дәстүрлі шара. Дәстүрлі болатын себебі, бұл фестиваль осымен бірнеше мәрте ұйым­дас­тырылып отыр. Биыл халықаралық шараға бірнеше үрмелі аспаптар оркестрлерінің ұжымдары келді. Әр түрлі аспапта  шебер ойнайтын өнер ұжымдарының концертіне жиналған қауымның көңілінен шықты, – дейді ұйымдастырушылар.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button