ЖаңалықтарМәслихат

ТҰТЫНУШЫҒА – ТҰРАҚТЫ БАҒА

Елорда мәслихатының депутаттары қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін және азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру шараларын талқылады. 
azyq-tulikКеңесте азық-түлік қауіпсіздігі мен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып жатқан шаралар жайында Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы міндетін атқарушы Гүлмира Ермолдина баяндады. Оның айтуынша, қаладағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында көршілес өңірлермен бірқатар мемо- рандумдар жасалған. «Бүгінде сауда-экономикалық байланысымыз тұрақты түрде жолға қойылған Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан секілді бірнеше облыспен арнайы келісімдер жасалды. Бұл өңірдің шаруалары қаламыздағы сауда нысандарына өнімдерін еш делдалсыз өндірушілер бағасымен жеткізіп берудіқолға алып жатыр. Оларға өз кезегінде қажетті жер учаскесі және өндірістік инфрақұрылымды ресімдеу секілді көмектер көрсетіледі. Мәселен, жаз айының соңында Алматы және Қызылорда облысы қаламызға күріш пен қант жеткізіп берді. Осының арқасында ушығып тұрған қант пен күріш бағасы тұрақтанды» дейді ол.
Сондай-ақ, қалада делдалдық сауда мен қымбатшылықтың алдын алу мақсатында қалада 5 сауда-логистикалық орталық ашылған. Азық бағасын тұрақтандыру мақсатында 22 сәуір 21 қазан аралығында 81 сенбілік жәрмеңкелер өткізілді. Барлығы 1401 тонна азық-түлік сатылды. «Сонымен қатар, «Қуатты өңір – Қуатты Қазақстан» жобасы аясында тағы 21 өңірлік жәрмеңке болды. 2 қыркүйек-29 қазан аралығын қамтыған бұл науқанда 5412 тонна азық-түлік әкелінді. Мұндай шаралар баға нарқына айтарлықтай әсер етті» дейді Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы міндетін атқарушы Гүлмира Ермолдина.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button