Ел тынысы

Астанада дератизациялық іс-шараларға дайындық басталды

Елордада 2024 жылдың 1 сәуірінен қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы мердігер ұйыммен бірлесіп, дератизациялау іс-шараларының көктемгі турын бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Іс-шаралар ашық аумақтар мен жеке секторды қамтиды. Оның ішінде өзен арналары, скверлер, су айдындары мен саябақтар сияқты ашық аумақтарды өңдеу жүргізілетін болады.
1 сәуірден бастап жеке сектор өңделіп, оларға улы заттар таратылады. Улы препараттар ҚР қолдануға рұқсат етілген препараттарды қамтиды және тұрғындар арнайы улы препараттарды тегін алады, сондай-ақ сол жерде қауіпсіздік нұсқаулары өткізіледі. Мамандар тұрғын үйлерді 3 рет өңдейді. 28 мыңнан астам тұрғын үйді өңдеу жоспарлануда.
Сондай-ақ, дератизация ашық алаңдарда жүргізілетін болады. Улы препараттарды орнату өзендердің, каналдардың, су айдындарының жайылмаларында, зираттарда, саябақтарда жүргізіледі.
Кестеде көрсетілген жұмыс уақыты ауа-райына байланысты өзгеруі мүмкін.
Контактный телефон ТОО «AG Disinfection services» 8 778 601 60 18
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button