Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Астана
Жоспарлы жөндеу жұмыс­тарына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ұшып-қону жолағы 10-21 қыркүйек аралығында күндізгі уақытта жабық болады. Жөндеу жұмыстары жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі. Осыған байланысты әуежайға түске дейін ұшып келетін және ұшатын барлық әуе ба­ғыттары кейінге шегеріледі.

Алматы
Алматыда қатар отыр­ған көршілердің татулы­ғын дәріптеу мақсатында «Сәлем, көршілер!» атты мә­дени сейіл өтті. Күндізгі сейілге шыққан көршілер
интерактивті инсталляция­ны тамашалап, сәулет пле­нэріне қатысып, спорт ойындарында бақ сынады.

Қызылорда облысы
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің Қызылорда облысындағы бөлігі 2021 жылға қарай ақылы түрде қызмет көрсететін болады. Ол үшін Түркістан және Ақтөбе облыстарымен шекаралас бөлігінен өткізу бекеттерін салу жоспарланып отыр. Бүгінде күрежолдағы көлік ағымы тәулігіне 9 мыңға жеткен.

Ақтөбе облысы
Ақтөбеде «Аналарға тағзым» рухани орталығы ашылады. Бірегей жоба қазақ халқының ұлы аналарының ерліктерін насихаттау бағытында қызмет етеді. Нысан құрылысына меценаттар 350 млн теңге қаржылай көмек көрсеткен. 150 шаршы метрлік үш қабатты ғимаратта ұлттық үлгіде жасалған музей, көрме залы мен үйірмелер орналасады.

Жамбыл облысы
Облыс шаруашылықтарына етті сиырлардың ал­ғашқы легі Ресейдің Алтай өңірінен әкелінді. Атап айтқанда, 600 бас ақбас тұқымы Мойынқұм ауданына жеткізілді. Мұндағы шаруа қожалығы бұған дейін 1 мың 700 бас «қалмақ» тұқымын әкеліп жерсіндірген. Алдағы уақытта осы аймаққа 36 мыңдай асылтұқымды ірі қара мал сатып алынады деп жоспарланып отыр.

Шығыс Қазақстан облысы
Өскеменде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Әуелі қонақтарға «Алтын адам» деген тақырыппен соңғы археологиялық қазбалардың нәтижелері таныс­тырылып, Шығыстың киелі орындары туралы көрме ұсынылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button