Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Астана

Елорданың Байқоңыр ауданында жарық жазуларының мониторингін жүргізу қолға алынды. Тексеріс кезінде анық­талған ақаулықтар негізінде нақты жұмыстар жүргізілді.

Алматы

Оңтүстік мегаполисте жыл соңына дейін аялдамаларда электронды табло қатарға қосылады. Оның алғашқысы Тимирязев көшесі бойындағы BRT желісінде пайда болады.

Шымкент

Шымды қаланың Ташкент бағытынан кіретін қақпа жаңартылды. Шаһардың кілт бейнесіндегі қақпасының сәулеттік кескіндемесі көп өз­герген жоқ. Негізінен, қақпа төріндегі облыс атауы қала атына ауыстырылды.

Қарағанды облысы

Кеншілер өңірінде 2022 жылға қарай вольфрам шығару қолға алынуы мүмкін. Геологтар облыстағы Солтүстік Қатпар кен орнында вольфрам қоры мол екенін растады.

Өскемен

Алтайдың баурайындағы қалада жақын аралықта 85 жаңа автобус сатып алынып, мар­шрутқа қосылады.

Батыс Қазақстан облысы

Облыстың батысындағы Сай­қын кентінде екі пәтерлік 16 үйдің құрылысы басталды. Жалпы, биыл ауданда екі пәтерлік 5 үй және инфра­құрылымдармен қамта­масыз етілген жер учас­келері қолданысқа берілген.

Қызылорда

Қаланың 200 жылдық мерейтойы аясында Қорқыт ата ес­керткіші жаңғыртылды. Жаң­ғырту жұмыстары де­меушілердің қаражаты есе­бінен жүргізілді. Ескерткіш аумағы абаттандырылып, көгал­дандырылды, керамогранитпен қайта қапталды.

Павлодар

Павлодарда облыстық телерадио хабарларын тарату комитетінің тұңғыш төрағасы Хамза Тоқпановқа оның өзі не­гізін қалаған телестудия ғи­маратында мемориалды тақта орнатылды.

Қостанай облысы

Алтынсарин ауданындағы «Жайлау» демалыс базасында жастардың аймақаралық ақпараттық лагері ұйым­дас­тырылды. Келешек бұл мекен жастардың демалыс орталығына айналғалы тұр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button