Мәдениет

Атаулы күндерге арналды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында және Алғыс айту күніне арнап бірнеше концерт өткізді.

[smartslider3 slider=2290]

«Астана» концерт залында өткен «Ұлы дала ұстазы» атты әдеби-сазды кешіне филармонияның өнер ұжымдары мен солистерімен қатар Рамазан Стамғазиев, Гүлмира Сарина, Алтынай Жорабаева, Сүндет Байғожин сынды белгілі әншілер қатысты. Концертте Алаш рухындағы патриоттық шығармалар, ұлттың ұлы мұрасына айналған туындылар орындалды.

Алаш арысы Міржақып Дулатұлының «Әуез» күйі осы кештің жаңалығы болды. Бұл күй Түркия қазақтары арасынан табылып, «Түркия қазақтарының ән-күйлері» және «Тобыл-Торғай әуендері» атты жинақтарға енгізілді. Елордалық филармонияның қазақ оркестрінің дирижері, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов осы туындыны оркестрге түсірді.

Кеште сонымен қатар күйші Айтбай Мұздахановтың «37 жыл» күйі, Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» әні, басқа да шығармалар ұсынылды.

Алғыс айту күніне орай филармонияның «Дала дәстүрі» атты кеші өтті. Оған «Қорқыт» этно­ансамблі, халық әні бөлімінің солис­тері, дәулескер күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбай, музыкант Еділ Құса­йынов қатысты. Кеште Арқа, Жетісу, Батыс Қазақстан, Алтай-Тарбағатай, Қаратау әншілік және күйшілік мектептеріне жатқызылатын шығармалар орындалды.

Өнер ошағының қазақ оркестрі Аршалы ауданының Мәдениет үйінде «Сәлем саған, туған ел» концертін берді. Онда қазақтың және өзге ұлттардың музыкасын, халық әндері мен күйлерін тарту етіп, көрермендердің ризашылығына бөленді. Аудан әкімінің орынбасары Абай Бекбаев филармония ұжымына алғыс хат тапсырды.

Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button