Қала мен Сала

Автобусқа ақыны банк картасымен төлеуге болады

Елордада қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесін жаңғырту аясында  банк картасы және NFC арқылы жол ақысын төлеудің жаңа функциясы енгізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін жаңарту бойынша бес ыңғайлы әдіс қолжетімді. Олар– Bluetooth, NFC, QR сияқты инновациялық арналар, контактісіз көлік және банк карталары, соның ішінде Apple Pay, Samsung Pay, смарт сағаттармен төлеу.

Жаңа опцияларды пайдалану үшін автобус салонындағы планшетке банк картасын немесе NFC құрылғысын тигізіп, төлемнің сәтті өткені туралы белгіні күту қажет.

«Avtobys» жаңа инновациялық төлем жүйесіне көшу келесі функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

  • Transcard көлік картасын бірден толтыру және жол ақысын онлайн төлеу;
  • Арнайы кассалар мен RTVM-автоматтарына бармай-ақ Transcard көлік картасын дереу қашықтан толтыру;
  • Төлем тәсілдерін кеңейту: Bluetooth, NFC, QR, көлік және банк карталары, соның ішінде Apple Pay, Samsung Pay, смарт сағаттармен төлеу төлемдерді тез және қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік береді.

Төлемдердің барлық түрлері бойынша жүйенің бар операцияларын онлайн мониторингілеу мүмкіндігі бар. Жаңа жүйеге кезең-кезеңімен көшу төлемдерді тиімді басқаруға және мобильді қосымшада азаматтардың әртүрлі санаттары мен оқу орындарының оқушылары үшін виртуалды карталарды қоса алғанда, жаңа функцияларды енгізуге болады. Бұл функция кейін қосылады. Барлық өзгеріс Астана қаласының қоғамдық көліктерінде жол жүрудің ыңғайлығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін инновациялық шешімдер 2023 жылғы қазаннан бастап кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Желтоқсан айында «Avtobys» мобильді қосымшасы арқылы Bluetooth арнасы бойынша жол жүру ақысын төлеуді пайдалану қолжетімді болды. Bluetooth арқылы төлеу смартфонның «Avtobys» қосымшасы арқылы контактісіз қосылуын көздейді. Бұл әдіс, әсіресе, автобуста жолаушылар көп болатын қауырт кезде ыңғайлы.

Бүгінгі таңда елорданың автобустарының негізгі бөлігі «Avtobys» жүйесіне қосылған. Жалпы Астана қаласында 1 396 автобус бар, оның күн сайын 980-і әр түрлі бағдар бойынша жұмысқа шығарылады.

Қаланың қоғамдық көлік жолаушыларына өз бағдарларын жоспарлау, жол ақысын төлеу және түрлі төлемдер жасау үшін «Avtobys» мобильді қосымшасын пайдалануды ұсынамыз. Мобильді қосымшаны AppStore, AppGallery және Google Play қосымшаларынан жүктеуге болады.

Қазіргі уақытта теңгерімнің ескі жүйеден жаңасына көшу процесі жалғасып жатыр. Осы орайда жаңа планшеттерде көлік карталарын тануға қатысты мәселелер байқалуы мүмкін. Бұл мәселелер 2024 жылғы бірінші тоқсанның соңына дейін шешіледі деп күтілуде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button