Басты ақпаратЖаңалықтар

«ӘЗІЛ FEST» КҮЛКІГЕ ҚАРЫҚ ҚЫЛДЫ

ERM_7572

Келе жатқан елорда тойы астаналықтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кеше Конгресс-холлда өткен «Әзіл fest-2016» фестивалі қалың көпшіліктің көңілінен шықты.

????????????????????????????????????

Астана қаласы әкімдігінің ұйытқысымен ұйымдастырылған көңілді мерекеге қазақстандық және шетелдік өнерпаздар қатысты. Дәстүрлі шара сахнасынан бұл жолы Махачкаладан келген «Дагестан», сургуттық «Борцы» командасы, «Одесские Мансы», Жоғары КВН лигасының финалистері – елордалық «Спарта», алматылық «Орыстар шоу» өнерпаздары көрінді. Сондай-ақ, қонақтар «Патруль», «Вузеры», «Қызық тimes» сынды танымал тележоба актерлерінің әзіл қойылымдарына куә болды.

ERM_7596

Әзіл кеші екі кезеңге бөлінген. Қөңілді тапқырлардың ойыны мен көрермен сұрағы, яғни – кішігірім «жаттығулар». Әзілдердің басым бөлігі бас қаланың өмірімен байланыстырылды. Мәселен, залдың өзі «оң жағалау және сол жағалау» деп бөлінді.

ERM_7694

Көрермендердердің белсенділігі ерекше байқалды. Сұрақ-жауап кезінде олар «Егер Қазақстанның келесі президенті әйел болса, қазақтардың жалқаулығы жайлы әзілдерден құтыламыз ба?», «Жігіт пен джентельменнің айырмашылығы неде?», «Ерлер көзбен, қыздар құлақпен жақсы көреді. Ал екеуіне ортақ махаббат қайсы?» деген секілді түрлі сауал қойды. Күлкіге қарық қылған жауаптардың бірі – «Сенен құтылуымыз керек-ау шамасы». Нұрсұлтан Назарбаевтың дауысын айнытпай салып, «Телефоныңды қалдырып кет, кейін хабарласамыз» деген өнерпаз да болды. «Орыстар шоу» «Нағыз жігіт сүндетке отырғызылады» деген тапқырлық танытса, күрес балуандары «Қыздар сынық құлақтыларды сүйеді» деп залдың ішек-сілесін қатырды.

ERM_7702

Екі сағатқа созылған «Әзіл фест» риза болған жұртшылықтың ду қол шапалағымен аяқталды.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button