Мәдениет

Азия біріншілігі – елорда төрінде

Нұр-Сұлтан қаласында каратэден Азия чемпионаты өтті. Құрлықтық бәсекеге KAN, IFK, KWF, WKO федерациясының ішкі чемпионатта іріктеуден өткен 12 мемлекеттен 300-ден аса спортшы қатысты.

[smartslider3 slider=2983]

Азия чемпионатының ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, Ұлттық рес­публикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті Омархан Өксікбаев, Халықаралық KWU ұйымының бас хатшысы Александр Пичкунов жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Елорда татамиінде кумитэ және ката түрі бойынша 12 жастан жоғары спортшылар 37 салмақта сынға түсті. Жарыс қорытындысында Қазақстан құрамасының спортшылары қарсылас шақ келтірмей, көш бастады. Екінші орынға Иран спортшылары жайғасты. Ал Қырғызстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button