Мәдениет

Азия біріншілігінен алтын бұйырмады

Елордада U23 және U19 атлеттері арасындағы Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

[smartslider3 slider=3558]

 Құрлық біріншілігінде Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Гонконг, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан және басқа елдердің үздік атлеттері бақ сынады. Велосипедпен, жүзуден және жүгіруден бәсекеге түсетін триатлон жарысы ең ауыр спорттардың қатарына жатады. Сондықтан да әлем бойынша триатлонға қызығушылық артып отыр.

Азия біріншілігінде Қазақ­станның намысын 15 спортшы қорғады. Солардың ішінен екі спортшымыз ғана жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, U23 санатындағы сайыста Дарын Қонысбаев Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол үш сайысты 1 сағат 51 минут 14 секундта аяқтады. Ал қола жүлде қытайлық Цин Ченге бұйырды.

Әйелдер арасындағы жарыста жапониялық Изуми Икегучи топ жарды. Ал екінші және үшінші орынды қытайлық қос қыз бөлісті. Вен Вей күміспен күптелсе, Синь Лин қола медальді қанағат тұтты.

Ал U19 жарыстарында жапониялық спортшы қыздар Мако Зиразуми мен Манами Хияши тиісінше бірінші және екінші орынды бөліссе, Гонконг өкілі Шарлотта Холл қола жүлдеге қол созды. Жас жігіттер арасында өткен сайыста да жапониялық Аму Омуро алтын алса, Такуто Осима күміс медаль иеленді. Ал қазақстандық Егор Крупняков қола жүлдені қанжығасына байлады.

 

Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынына қос жүлде түсті.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button