Экономика

Баға, қайда барасың?

Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша, Астана қаласы бойынша инфляцияның жалпы деңгейі 101,7 пайызды құраған, соның ішінде азық-түлік өнімдеріне – 102,1 пайыз.

Халықтың түсінігінде қымбат­шы­лық алдымен азық-түліктің бағасымен өлшенеді. Осы тұр­ғыдан қара­ғанда, бүгінде Астанада бірқатар өнімдерге бағаның өскенін байқауға бо­лады.
Сондай-ақ, биылғы жартыжылдықта күнбағыс майы, макарон өнімдері, тұз, сүт, қант, сұлы жармасы, кеспе, сәбіз, сарымсақ сынды әлеумет көп тұтынатын өнімдер бөлшек саудаға түскенде, артық бағамен сатылғаны белгілі болған.
Азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында қалалық әкімдік бірқатар шараларды қолға алыпты. Атап айтқанда, биыл қаладағы сауда нысандарымен әлеуметтің маңызды азық-түлік өнімдеріне үстемақы қосудың тәртібін сақтау жөніндегі Меморандум қайтадан жасалған. Осы келісімшарт аясында сауда орталықтарындағы нарыққа күн сайын мониторинг жүргізіліп отырады. Екінші, нан мен бірінші сұрыпты ұнның бағасын тұрақты ұстап тұру үшін бидайды межеленген бағасымен жет­кізу шарасы қолға алынған. Соның арқа­сында нан-тоқаш өнімдерін шығаратын кәсіп­орындарда І сұрыпты ұнның бір келісі – 45 теңге, ал кәдімгі нан бағасы 50 теңгеден асқан жоқ.
Бағаны тұрақтандырудың тағы бір амалы – Астана қаласына азық-түлік тауарларын жеткізу көлемін ұлғайту, отандық өндірушілердің, әсіресе, елорданың азық-түлік белдеуіне қатысушы кәсіпорындардың өнімдерін өткізуге қолдау көрсету. Қалалық Ауыл шаруашылығы басқармасының мәлі­метіне сүйенсек, Астананы азық-түлікпен қамтамасыз ету шеңберінде алдыңғы жылы елорда іргесіндегі ауыл шаруашылығы өнім­дерін өндіретін және жеткізетін кәсіп­орындармен белсенді жұмыстар жүргі­зілген. Бірлескен іс-шаралар арқасында был­тырғы қорытынды бойынша азық-түлік белдеуі аумағынан жеткізілген өнім көлемі 35 пайызды құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға артық.
«Қазіргі таңда елордада азық-түлік жетіспеушілігі жоқ» дейді Ауыл шаруа­шылығы басқармасының мамандары. Бас қаланың бөлшек желісінде азық-түлік тауар­ларының барлық түрі бар. Бірақ, онда отандық өндірушілердің үлесі әлі де аз көрінеді. Бағаның көтерілуіне бұл да бірден-бір себеп екені сөзсіз.

Қымбат Тоқтамұрат

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button